25.11.2018, 11:12

Семейде 4 вагон рельстен шығып кетті

Семейде вагондар рельстен шығып кетті деп хабарлайды қаланың ТЖ бойынша басқармасы.

Оқиға 24 қарашада сағат 16.30-да Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған. 

«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. №44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған», – делінген хабарламада.

Оқиға жолаушылар пойызының қозғалысына әсер етпеді және ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz