26.11.2018, 04:18

Қарағандыда лесби сүйіктісіне басқа еркекке кеткені үшін 20 рет пышақ ұрған

Қарағандылық Оксана мен Ольга бір-бірімен түрмеде танысады. Оксана қысқа шашты, еркекшора келген. Баршылықта өскен қыз. Ольга болса, ата-анасынан ерте айрылған, жетімдер үйінде өскен деп жазады NewTimes.kz.

Оксананың үйінен келген дәмді тамақтарды екеуі теңдей бөліп жеп жүреді. Жаза үйіндегі сүйіктісі үнемі оны сырт көзден қорып жүреді.

Оксана адам қағып өлітіріп, 6 жылға, Ольга тон ұрлап, 3 жылға сотталған.

Жазасын өтеп шыққан Ольга Оксананың 4 бөлмелі үйіне барып, сонда өмір сүреді. Оксана түрмеден шыққанда олар әшекей дүкенін ашып, жеке кәсіптерін бастайды.

Осылайша бақытты ғұмыр кешіп жатқан екеудің тыныштығын дүкенге келген Артем бұзады. Анасына сыйлық алуға келген жігіт Ольганы бір көргенде ұнатып, қайта-қайта келгіштеп жүреді. Олар жасырын кездесе бастайды. Кейін екеуі жоспар құрып, Астана арқылы Беларусь Республикасына ұшып кетеді.

Көп ұзамай, Ольга Оксанадан хат алады. Ол анасының сырқаттанып жатқанын, Ольганы соңғы рет көрігісі келетінін айтқанын жазады. Тіпті, өзін де кешіріп қойғанын жеткізеді.

Қарағандыға ұшып келген Ольга Оксанамен бірге отырып ішімдік ішеді. Екеуі бір-бірімен жанжалдасып, Оксана «Менікі болмасаң, басқаға да бермеймін» деп сүйіктісін пышақтап тастайды. Криминалистер марқұмның денесінен 20 рет сұғылған пышақ іздерін табады.

Оқиғаны полицейлерге Оксананың өзі хабарлайды. Ольганы қатты жақсы көргенін және өзін кешіруін сұрағанымен сот оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кеседі.

Материал NewTimes.kz ақпараттық агенттігінің рұқсатымен жарияланды