Францияда жанармай бағасының өсуіне қарсы ереуіл тәртіпсіздікке ұласты деп хабарлайды Хабар 24.
Жиналған жұрт жанармай салығын көтеруге және президент Эммануель Макронның саясатына қарсылығын білдірді. Елисей сарайы маңына шыққан 100 мыңға жуық адам көшелерді жауып, жолдағы көліктер мен дүкендерді, автобус аялдамаларының терезелерін сындырып, өртеп жіберген. Сонымен қатар наразылар полицияға тас пен бөтелке лақтырған. Ашуға бой алдырғандарды тарату үшін әскерилер көз жасаурататын газ бен суатқыштарды қолдануға мәжбүр болды.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 19 адам жарақат алды, олардың ішінде 4 тәртіп сақшысы бар. Одан бөлек 35 тұрғын қамауға алынды.