26.11.2018, 06:48

Қазгидромет алдағы күндерге ауа-райы болжамын ұсынды

Қыс жақындап қалды, бірақ температура әзірше нормадан жоғары деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қыс жақындап келеді, бірақ қысқа мерзімді суытудан кейін Қазақстанға күзгі жылы қайтадан оралады. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы жоғарылайды, бірақ көптеген облыста жауын-шашын мен бұлтты ауа райы, республиканың солтүстігінде бұрқасындатып, батыстан қатты жел соғады», – деп хабарлайды синоптиктер. 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда күндізгі температура плюс 5…15°С градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0…плюс 5°С градусқа дейін көтеріледі. 

Тек батыс облыстарда температураның плюс 2…13° градустан 0…8° градус аязға дейін төмендеуі болжанады.

Дереккөз: Sputniknews.kz