Жаңалықтар 26.11.2018 сағат 10:54

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады

Қазақстандықтар Таиландқа уақытша визасыз бара алады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айбек Смадияров Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визалық алымдарды уақытша жойғандығын жеткізді.

«Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 15 қарашасынан бастап 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Таиландқа келу кезінде визалық алымдар алынып тасталған. Таиландқа келу кезінде туристік визаны басқа кезеңдерде алу құны Тайландтың 2 мың баты болып өзгеріссіз қалады», - деді ол.

Сондай-ақ ресми өкіл «Түркия Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қарашадағы Жарлығына сәйкес, бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының Түркияда болу құқығы 30 күннен 90 күнге ұзартылғандығын» да атап өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар