$ 498.34  519.72  4.85

«Тәрбиешілері байқамаған»: Астанадағы балабақшалардың бірінен сәби жұқа киіммен шығып кеткен

Астанадағы балабақша қызметкерлері баланың қалай жоғалып кеткенін де байқамай қалған. Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында қала тұрғыны аязда еңіреп жылаған бүлдіршінді қалай тауып алғанын айтып, балабақша тірбиешілеріне наразылығын білдірді.

Келіншек жылаған баланы үйінің маңында көреді.

«Өткен-кеткендер де көз салмайды. Жеңіл жейде, аяғында кроссовки. Курткаммен құшақтап алдым. Жақын маңда «Intellectumbala» дейтін балабақшаның бар екені есіме түсті де, дереу сонда апардым. Олар сәбидің шығып кеткенінен де бейхабар боп шықты. Баланың әке-шешесінің нөмірін сұрап едім. Бермей қойды», - деген әйел ата-аналарды сақ болуға шақырды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары