$ 443.44  480.51  4.88

Павлодар облысында көлік қағып кеткен ер адам бірнеше жарақат алды

Аққу ауылында 31 жастағы «Ваз» көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті. Ауыр соққыдан бірнеше жерінен жарақат алған ол ауруханаға жеткізілді деп жазады pavlodarnews.kz.

«Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соққыдан ер адам бірнеше жарақат алған.

«Бассүйек-мидың жабық жарақаты, миы шайқалған. Сонымен қатар, сол жақ сүйегі сынған», – дейді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары