22-26 қараша аралығында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда адам саудасына қатысты жаппай рейдттік шаралар жүргізілді деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Тескеріс барысында әйел адамның өз баласын сатқаны белгілі болды.
«Атырау облысында полиция қызметкерлері өз баласын 5 мың долларға сатқан 32 жастағы әйелді ұстады. Оқиғаға қатысты кәмелет жасқа толмаған адамды сату бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
ІІМ-нің мәліметінше, 1 апта ішінде адам саудасына қатысты 67 іс тіркеліп, 21 әкімшілік хаттама толтырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жас қыздарды саудалаған Оңтүстік Корея азаматтары жайлы жазған болатынбыз.