$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда жаңа жылдан кейін жолақы қымбаттауы мүмкін

2019 жылдан бастап Екібастұзда қоғамдық көлік ақысы қымбаттауы мүмкін деп жазады pavlodarnews.kz.

Қазір қала автобустарындағы жолақы – 65 теңге. Тариф 2018 жылдың қаңтарында бекітілген болатын.

Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, бұл ақылға қонымсыз баға.

«Жолақының орташа бағасы – 80 теңге, орташа республикалық – 90 теңге. Тасымалдаушылар жұмыс істеуден бас тартуда. Пайдасы болмағандықтан, номері 10 және 1-інші автобустар маршруттарынан бас тартты. Оларды жабуға тура келді. Біз барлығын ықпалдастыққа шақырған болатынбыз. Жаңа автобустарымен ірі компаниялар бар. Бірақ олар билеттердің төмен бағасына байланысты жүргісі келмейді», – деді ол.

Бұған дейін келісімшарт жасасқан төрт тасымалдаушыдан бүгінде екеуі ғана қалған. «Тұлпар-ЭК» ЖШС мен «Жоламан-ЭК» ЖШС 44 автобуспен тұрақты 8 маршрутта жұмыс істейді.

Қала әкімінің атап өтуінше, жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектер мен коммуналдық қызметтерге бағаның қымбаттауына байланысты қолданыстағы 65 теңгелік тариф тасымалдаушылардың барлық шығындарын жаппайды. Тиісінше, қызмет көрсетудің бұл нарығына жаңа кәсіпорындар келмейді.

«Бағдарлардың 50% қызмет көрсететін «Жоламан-ЭК» ЖШС жағдайының қиындығы туралы айтып, 5 бағдардың 3-еуіне қызмет көрсете алмайтындығын мәлім етті. Тарифті көтеру туралы мәселе қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі», – деді Нұржан Әшімбетов.

Айта кетейік, 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Екібастұздың барлық тұрғындары үшін қоғамдық көлікпен жүру тегін болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары