Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың солтүстік-батысқа ауысып, Баренц теңізі жақтан арктикалық ауа массаларын әкелетінімен байланысты.
Күн суытар алдында Қара теңіз циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың солтүстігіне қарай жылжиды. Нәтижесінде қар, бұрқасын, батыстан қатты жел соғып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат