Маңғыстау облысының полицейлері 3 жеңгетайды қолға түсірді деп жазады Tumba.kz.
«Стоп-Трафик» рейдтік шарасы аясында сауна, түнгі клуб және жалдамалы пәтерлер тексерілген. Ұсталған 5 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың екеуі жезөкшелікпен айналысып, үшеуі жезөкшелерді сатып жүрген жерінен тұтқындалған.
Араларында оларды арнайы таситын такси жүргізушісі де ұсталды.
Еске сала кетейік, 22-26 қараша күндері Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанда адам саудасына қарсы күрес бойынша «SТOP трафик» операциясы жүргізілді.
Бір апта ішінде төрт мемлекеттің аумағынан адам саудасының 95 фактісі анықталған. Олардың ішінде қазақ қыздарын саудалаған Оңтүстік Корея азаматтары да бар.