Өскеменде 4 бірдей адам пештен шыққан газдан уланып қалды деп жазады YK-news.kz.
19 қараша күні облыстық мамандандырылған медицина орталығына пеш газынан уланып, 1993 жылғы ер адам, 25 қараша күні 1978 және 1982 жылғы Гвардейской көшесінің 2 тұрғыны түскен.
28 қараша күні де Ползунов көшесінде тұратын 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген.