$ 444.32  473.33  4.76

Грузияда алғаш рет әйел президент болып сайланды

Грузияда өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті деп жазады РИА Новости.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60 пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.

Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген. Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары