$ 494.87  520.65  4.91

Меруерт Түсіпбаева «бетін тартып» алатын әріптестерін мазақ қылды

Отандық шоу-бизнес өкілдері жас қалпында қалу үшін түрлі әдістерге барады. Бүгінде мінсіз мүсін үшін операциялар мен ботокс жасату − қалыпты жағдайға айналған. Алайда Меруерт Түсіпбаева табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейді деген пікірде. Бұл туралы ол «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Түнгі студия» бағдарламасында сөз қозғады.

Ботокстан бойымды аулақ ұстаймын деген әнші өзінің де бір кездері қателік жібергенін айтып, ботоксқа енді жоламастай болғанын жеткізді.

«Мен негізі біздің әріптестерге қатты таң қаламын. Бетін тартып алады да, сосын «жоқ мен түк жасамаймын» дейді», − деп әнші көзін сықситып, әріптестерін мазақтады.

Айта кетейік, шоу-бизнес өкілдері арасында сұлулық үшін пышаққа түскендер көп. Олардың ішінде Баян Алагөзова мен Майра Ілясова да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары