29.11.2018, 11:38

Ауа-райының қолайсыздығынан Омбыға ұшқан Air Astana ұшағы Астанаға қайта қонды

Air Astana ұшағы Омбы әуежайына қона алмаған. Әуе кемесіне жолаушылармен бірге Қазақстанға қайтуға тура келген деп жазады Sputniknews.kz.

Air Astana ұшағы бүгін таңертең «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайынан Омбы қаласына ұшып шыққан. Алайда қолайсыз ауа-райының салдарынан ресейлік әуежай ұшақты қабылдай алмай, ұшақ Астанаға кері қайтарылған.

Астана әуежайының өкілдері жолаушыларды кешкі рейспен Омбы қаласына жіберетіндерін хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Омбы қаласында қалың қар жауып, көлік жүрісі тоқтап, ұшақ рейстері кейінге қалдырылуда.

Бүгін Астана қаласында да қарлы боран соғып, мектептегі сабақтар тоқтатылған.

Бірақ ауа-райының қолайсыздығы әуежайдың жұмысына әсер етпеген.