29.11.2018, 12:07

Алматы облысында болған жол апатынан 7 оқушы ауруханаға түсті

Қаскелең тас жолында оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады деп жазады Newtimes.kz.

Жол апатынан 7 оқушы және бір үлкен адам зардап шеккен. Оқушының біреуі ауруханаға жатқызылды. Ал үшеуі амбулаторлық ем қабылдады. «Барлығының жұмсақ тіндері жарақаттанған. Біреуінің жабық бас-мидың жарақаты, екіншісі мұрыннан жарақат алған. 2008 жылы туған оқушының миы шайқалған», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. Баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жол апатына түскендердің барлығына қажетті көмек көрсетілген.