Өрт Алмазов көшесіндегі жер үйде болған. Тілсіз жаудан екі адам зардап шеккен деп жазады «Мой город».
«87 жастаға кейуана түтіннен уланып, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 62 жастағы ер адам жеңіл түрде уланған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», – дейді БҚО Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпұсынова. Өрт шығуының басқа себептері анықталуда.