30.11.2018, 04:57

«Ғалам аруы-2018» байқауына алматылық бойжеткен қатысады

Алматы аруы атанған Сәбина Әзімбаева «Ғалам аруы-2018» байқауына қатысу үшін Бангкокке аттанды деп жазады «ҚазАқпарат».

Сәбина Әзімбаева былтыр «Алматы аруы-2017» байқауының жеңімпазы атанған болатын.

Екі күн бұрын Халықаралық бизнес университетінде UIB студентіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда Сәбина өзі, «Алматы аруы» туралы айтып, алдағы байқау туралы ойларын бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы аруы байқауда киіп шығатын киімдерін де көрсетті.