Жаңалықтар 30.11.2018 сағат 04:11  360

Қызылордада Қобыз күні тойлануы мүмкін

Алдағы жылдарда Сыр өңірінде Қобыз күні атап өту жоспарланып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылордада Қобыз күні тойлануы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әкім бұл ұсыныстың Үкіметке жолданғанын айтты. Ол Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз айының 14-і күніне белгіленген.

«Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енгізілгені баршамызды қуантады. Ол - түркі халықтарының ортақ қуанышы. Атап кетерлігі, аталмыш ұсыныс 2014 жылы құрылған Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұараларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында қаралған еді. Содан бері Қорқыт ата мұралары жөнінде тиісті материалдар жинақталды», - деді Қырымбек Көшербаев облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында.

Елімізде Қорқыт ата мұраларын насихаттау кеңінен қанат жайып келеді. Кейінгі жылдарда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық өнер фестивалі ауқымын кеңейтті. Биыл алғаш рет қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың байқауы халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

Отырыс барысында соңғы жылдарда Сыр өңірінде тарихи және мәдени мұраларды сақтау және зерттеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы сарапталды. Алдағы міндеттер мен жоспарлар барысы нақтыланды. Отырысқа қатысқан елімізге белгілі ғалымдар бұл жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында Қызылордада балаларға арналған археологиялық лагерь ашу жоспарланып отырғаны хабарланды. Сондай-ақ, биыл Сыр өңіріндегі Сығанақ қалашығын этонотуризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы қазан айының соңында Сығанақ қалашығы туристік нысан ретінде ашылды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар