Жаңалықтар 30.11.2018 сағат 05:30  414

Ақтөбеде құрылысшы 25 метр биіктіктен құлап қаза тапты

Ақтөбеде монтаждаушы 25 метр биіктіктен құлап қаза тапты деп жазады Аktobetimes.kz.

Ақтөбеде құрылысшы 25 метр биіктіктен құлап қаза тапты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайғылы жағдай Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқыту цехінде болған.

«2018 жылдың 16 қарашасында Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқыту цехіндегі учаскелердің бірінде қайғылы жағдай болды. «ГеоПроектСтрой ХХI» ЖШС мердігер ұйымының 42 жастағы қызметкері қаза тапты», – дейді «Қазхром» АҚ корпоратив коммуникациялар қызметіндегілер.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының және мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері жеткен.

«Бригада 23,8 метр жерде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте монтаждаушы бір жерден екінші жерге өту кезінде құлап кеткен», – дейді компаниядағылар.

Шұғыл түрде келген жедел жәрдем көлігінің дәрігерлері 42 жастағы ер адамның қайтыс болып кеткенін жеткізген. Әріптестері марқұмның туыстарына көңіл айтуда.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар