Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараттық жиынында жаңа тағайындаулар болды деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, өңір басшысы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қарабалаев Нұрбек Жұмабекұлын және Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының ретінде Салимов Жандос Нұржанұлы тағайындады.
Нұрбек Жұмабекұлының «құқықтану», «дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандықтары бойынша білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери қызметтен бастаған.
2013- 2017 жылдар аралығында «NAIZA FIGHTER кәсіпқой спорт клубы» Қоғамдық бірлестігінің Панкратион бойынша Маңғыстау құрама командасының аға жаттықтырушысы, кейін осы Қоғамдық бірлестіктің басшысы, Маңғыстау облысының парус бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылдың қаңтар-қараша айлары арасында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы басқарманың басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жандос Нұржанұлы «техник-технолог» және «заңгер» мамандықтарының иесі. Оның құрылыс және энергетика саласы бойынша басшы лауазымдағы тәжірибесі жеткілікті.
Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметерінде болды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Дереккөз: Tengrinews.kz