Синоптиктер 2018 жылдың 1-4 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
«Күнтізбелік қыстың бірінші күндерінде қар жауу, бұрқасын және күшті ұйытқымалы желмен нағыз қысқы ауа райы күтіледі. Республиканың басым облыстарында суық атмосфералық фронттар жауын-шашын шақырады, ал фронттардың артынан таралатын күшті антициклон алдымен оңтүстік және оңтүстік шығыста, артынша қалған аймақтарда суық шақыртып және жауын-шашынды тоқтатады», – делінген хабарламада.
Дереккөз: Tengrinews.kz