Алматыда кафелердің бірінде ер адамдардың арасындағы ерегіс соңы төбелеске ұласып, пышақтасумен аяқталды. Жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілсе, күдіктіні полиция ұстап әкеткен деп жазады Zakon.kz.
Құқық қорғау органдағылардың хабарлауынша, бұл оқиға Алмалы ауданындағы дәмханалардың бірінде болған. Алкогольдік ішімдік ішіп отырған бірнеше еркекдің арасында кикілжің туған. Төбелес кезінде біреуі қарсыласына пышақ сұғып алады. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Ал айыпталушы полиция бөлімшесінде.Қазіргі кезде оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полиция төбелестің тууына не себеп болғанын анықтап жатыр.