29 қарашада Полина Цепко дүкенге барып, құдыққа түсіп кеткен. Оны анасы шығарып алмайынша, сол жерде 40 минут отырған деп жазады «Наша газета».
«Қызым шошып қалған. Мен оны жақын маңдағы «Талисман» дүкеніне сағат 11:30-да жіберген болатынмын. Алайда, 30 минут келмеді. Содан 7 жасар ұлым Платонды артынан жібердім. Сөйтіп терезеден қарасам, балам жылап тұр екен», – дейді әйел.
Құдыққа түсіп кеткен Полинаны анасы өзі шығарып алған. Сөйтіп тұрғын үй-коммуналдық қызметіне хабарлапты. Бірақ содан бері бір тәулік өтсе де құдықтың беті әлі күнге дейін ашық тұр екен.
Ал тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету орталығы құдықтың бетін жапқандарын айтып отыр.
«Ол әйелмен өзім сөйлестім. Қызметкерлер құдықтың бетін бір сағат ішінде жапқан болатын. Бірақ олардың қай құдықтың бетін жапқаны белгісіз. Мүмкін сол маңда басқа да құдықтың беті ашық болуы мүмкін. Қазір ұрлаушылар көбейіп кеткен. Тіпті қай уақытта ұрлап кеткенін білмей қаламыз», – дейді Рудный әкімшілігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі Алтынбек Боранбаев.