01.12.2018, 03:22

Семейде домбырашылар флешмобы өтті

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары домбырашылар флешмобын ұйымдастырды деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұлы дала мұрагерлері» атауымен өткен флешмоб халық және бүгінгі қазақстандық компазиторларының туындыларын дәріптеуге арналды. Шарада «100 күй» жобасына енген күйлер іріктеліп, бірнеше күй таңдап алынған. Оның қатарындағы Құрманғазының «Адайын» 7-8 сынып оқушыларынан құралған домбырашылар оркестрі, ал Байжігіттің «Көксерке» күйін мұғалімдер орындады. Сондай-ақ хəкім Абайдың «Тор жорға» күйі көрермен көңілінен шықты.