01.12.2018, 04:34

Оқушылар зардап шекті: Ақтөбеде мектеп төбесі опырылып түсті

Ақтөбеде №40 мектептің төбесі опырылып түсті деп жазады Диапазон.

Оқиға 30 қараша күні болған. ТЖК мәліметінше, мектептің 2-қабаттағы акт залының төбесі оқушылардың үстіне құлаған. Салдрынан 9 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның 8-і үйіне қайтарылып, 1-еуі ауруханаға жатқызылған.

Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Қанат Кульшманов акт залдағы киім ауыстыратын бөлменің төбесі құлағанын айтады.

«Мектеп қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақыртқан. Қалалық әкімдікпен комиссия құрылды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – дейді ол.