$ 444.14  477.05  4.85

Қарағандыда итті құтқармақ болған ер адам құдыққа өзі түсіп кетті

Итті құтқармақ болған қарағандылық ер азамат ашық құдықтан шыға алмай қалған. Ер адам мен итке құтқарушылар көмекке келді деп жазады NUR.KZ.

29 қараша күні Қарағанды қаласының жеке меншік секторындағы құдықтардың біріне ит түсіп кеткен. Өз бетімен құдықтан шыға алмаған ит қыңсылай бастайды.

Құдықтың жанынан өтіп бара жатқан ер адам иттің қыңсылағанын естімесе, оқиға қайғылы аяқталар еді.

Ер адам құтқарушыларды шақырып, олар келгенше итті өзі құтқармақшы болған. Алайда итті құтқармақ түгіл, өзі құдықтан шыға алмай қалған.

Құтқарушылар екеуін де шығаруға мәжбүр болған.

Альпиністік құрылғылардың көмегімен құтқарушылар ер адам мен итті құдықтан шығарып алды. Абырой болғанда құдықтың іші құрғақ болып, ит те, ер адам да жапа шеккен жоқ.

Құтқарушылар құдықты қоршап, оны жауып тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары