Жаңалықтар 01.12.2018 сағат 06:28  371

Американың экс-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш қайтыс болды деп жазады РИА Новости.

Американың экс-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

94 жасында өмірден өткен ол АҚШ-тың 41-басшысы болды. Елді 1989-1993 жылдары басқарды.

1981-1989 жылдары ол Рональд Рейганның тұсында вице-президент қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Джордж Буш 92 жасқа келген жұбайы Барбара Бушты жер қойнына тапсырған еді.

73 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың артында 5 бала, 17 немере мен 8 шөбере қалды.

Джордж Буштың үлкен ұлы − кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-президенті болса, кейінгі ұлы Джеб Буш Флориданың губернаторы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар