01.12.2018, 09:47

Қостанай облысында жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған.

Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген.

1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: Zakon.kz