Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды шетел тілін, әсіресе қытай тілін үйренуге шақырды еп хабарлайды қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары. Назарбаев бұл туралы бүгін Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептері» (НЗМ) дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумда айтқан деп жазады Азаттық.
«Биылғы оқу жылында НЗМ оқушылары екінші шетел тілін өз таңдауы бойынша оқи бастады. Жаһандану дәуірінде шетел тілдерін білу өмір қажеттіліг болып отыр. Ең көп тараған тіл – ағылшын, екінші орында испан тілі деп саналады. Бірақ біз үшін қытай тілі өте маңызды», - деген Назарбаев.
Ол қазіргі кезде Қазақстанның жалпы сыртқы сауда көлемінің 20 пайызын Қытаймен арадағы сауда құрайтынын айтқан. Ал Ресеймен көрсеткіш - 22, Еуропа Одағымен - 30 пайызды құрайды.
«Жапонияда да, Қытайда да бизнес ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ экономикалық байланыс миллиардты құрайтын қытай тілі басым болатынын көрсетеді. Мен үйреніп көрген жоқпын, бірақ өзгелермен салыстырғанда қазақтарға жеңіл деп айтады», - деген Назарбаев.