$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Ақтөбеде осыдан 3 күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды деп жазады Aktobetimes.kz.

Ер адам 16 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмалған. 3 күннен соң марқұмның өлі денесін еріктілер мен туыстары іздеу барысында тапқан.

Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Ақтөбеде 54 жастағы ер адам өзінің шұңқырға түсіп кеткенін айтып көмек сұраған еді. Бірақ құтқарушылар да, еріктілер де оның қай жерден байланысқа шыққанын таба алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары