Тұңғыш Президент күні Айжан Байзақова ұл тапты. Қуанышты жаңалығымен атышулы блогер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
Байзақова желіге өзінің перзентханадағы видеосын жүктепті. Айы-күні келген ару кадрда еркін билеп, көңілді қалпынан танбай тұр.
«Түк те қысылмай, Тұңғыш Президент күні босандым. Бүгін біз бірінші рет жүздестік, достар. Мен енді бір көргеннен ғашық болу дегенге сенетін сияқтымын», − деп жазды ол.
#happybirthdaymyson деп хэштэг қойғанына қарағанда блогер ұлды болды.
Еске сала кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін төсекте ерсіз қылық істеп, көптің ашуына тиген болатын.