$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайда орманнан ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында орман алқабынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 7 қараша күні Таран ауданында болған. Полицияның кезекші бөліміне жергілікті ЖШС нысаны маңынан ер адамның мүрдесі табылғаны хабарланды.

«Жедел-із кесу шаралары барысында 56 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адамның мүрдесі анықталды. Полицейлер үш тәулік ішінде 37 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ішімдікке мас күйінде жәбірленушіні ұрып-соғып, денесін орман алқабына тастағанын мойындады», – дейді ведомоствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары