03.12.2018, 03:39

Ақтауда ер адам үйдің шатырынан секірмек болды (ВИДЕО)

Оқиға 2 желтоқсан күні 1-шағынауданындағы тоғыз қабатты үйдің бірінде болған деп жазады Lada.kz.

Полицияның мәліметінше, үйдің шатырына шыққан ер адам секірмек болған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы шығып, ер адамды құтқарып алды.

Анық болғандай, ол тоғызыншы қабатта тұрған.

Ер адамның не себептен суицид жасамақшы болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оның психикалық ахуалы бар.