$ 524.58  551.91  4.93

Төсін көрсеткен «депутатқа» қатысты Астана қаласының әкімшілігі пікір білдірді

Сән көрсетілімінде Астана қалалық жастар мәслихатының «депутаты», әрі модель Динагүл Тасова көпшілік алдына төсін көрсетіп шыққан болатын. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Осыған байланысты Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин өзінің Facebook-парақшасында пікірін білдірді.

«Көпшілігіңіздің көңілдеріңіз түсуі мүмкін. Бірақ қазір желіде талқыға түскен модель депутат емес. Оны барлығы мәслихат депутаты деп таныстырып жатыр. «Астана қалалық жастар мәслихаты» қоғамдық қоры әділет органдарында тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. Астана қаласының мәслихатына және жергілікті мемлекеттік органдарға ешқандай қатысы жоқ», – деп жазды Данияр Есин.

Сондай-ақ, аруды көпшілігі халық таңдауы деп танығаны қате түсінік екенін айтқан. Ал, аталған ұйым жастар тобының бастамасымен қоғамдық ұйым болып құрылған екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары