$ 514.65  544.6  5.17

Рудныйда мәйіті табылған ер адамның өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

Рудный қаласының полицейлері мәйіті табылған ер адамның ісіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіуде деп жазады Alau.kz.

36 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын. Оның денесінде қинап өлтірген білгілері бар.

«Қылмысқа қатысты іздестіру шаралары жүргізілді. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады», – делінген Полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары