Жаңалықтар 04.12.2018 сағат 05:41  264

Алматы облысында базар өртеніп, 43 контейнер жанып кетті

Алматы облысы Түймебаев ауылындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында өрт оқиғасы тіркелді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Алматы облысында базар өртеніп, 43 контейнер жанып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тілсіз жау туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 4 желтоқсан күні сағат 04:43 шамасында түскен. Жалпы аумағы 1400 шаршы метр болатын құрылыс материалдары жиылған 43 контейнердің өртенгені белгілі болып отыр. Өрттің өршуі 07:30 кезінде шектеліп, 08:38-ге қарай өшірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

«Өрт сөндіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Одан бөлек, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 6 адам мен екі арнайы өрт сөндіру техникасы атсалысты. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Талдықорған қаласындағы өрт жағдайларын зерттеу лабораториясы жіберілді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар