$ 494.87  520.65  4.91

Нұртас Адамбай келіншегін көрсетті

Жеке өмірін құпия ұстайтын өнер жұлдыздарының бірі Нұртас Адамбай келіншегімен түскен суретін желіге жүктеді. Актердің жұбайын жұрт жер көкке сыйғызбай мақтап жатыр.

 

Ресейде қыдырып жүрген актер желіге әр қыдырған жерінен сурет салып жүр. Арасында келіншегі Ғалиямен түскен фотосы да бар.

Ал желі қолданушылары олардың жарасымды жұп екенін жазып жатыр.

«Сұп-сұлу екен. Жарасымды жұп», «Келіншегіңізді неге көп көрсетпейсіз?», «Сүйкімдісін-ай. Қазақ па?», - деп пікір қалдырды олар.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Нұртас Адамбайдың келіншегімен ажырасып кеткені жайлы әңгіме тараған. Кейін бұл ақпаратты Нұртас растап, жол апатынан кейін қайта қосылғандарын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары