$ 494.87  520.65  4.91

Тіл шеберлерінің республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы  2015 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ республикалық фестивалі аясында мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері»республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтау, қолдау. Сонымен қатар, еліміздегі үштілді кеңістікті ынталандыру, насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту.

Байқауға 21-30 жас аралығындағы жергілікті және орталық атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметші жастар қатысады.

Байқау барысында «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» аталымынан тұратын байқау тапсырмаларын орындау кезінде қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың нақтылығы, сапалық деңгейі,мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

Байқау жеңімпаздарын ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар құрамы анықтайды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес тіл шеберлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары