$ 448.15  483.46  4.86

Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры болды

Эстрада әншісі Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының лауазымды қызметіне тағайындалды. Бұл туралы оқу орнының ректоры Асхат Маемиров Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Маемиров әншінің 20 жыл бойы төккен тері мен еңбегін, өнерге қосқан үлесін атап өтті.

«Бүгін біздің академияның оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа проректорымды таныстырдым. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды.

Әкенің аманатына адал ұл, Ананың аяулы перзенті ретінде Сәкен Қордабайұлы − тек бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат! Өзі де өнегелі отбасының иесі. Сәкен − әрқашан да мәртебең үстем болсын!», − деп жазды Маемиров.

Еске сала кетейік, 15 қараша күні Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Маемиров Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына ректор боп тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары