$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда суық су 10 пайызға арзандайды

«Алматы Су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілдері 2019 жылдан бастап суық су 10 пайызға арзандайтынын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«1 қаңтардан бастап тарифтер өзгереді. Біз бұл туралы монополияға қарсы агенттіктегілермен келістік. Судың бағасы 1 000 литріне 55,56 теңге болатын, енді шамамен 50 теңге болады. Кәріз жүйесі 28,8 теңге болса, алдағы уақытта 25,7 теңге болады. 1 қаңтардан бастап», – деді «Алматы Су» кәсіпорнының ресми өкілі Серік Шағыров.

Бас директордың орынбасары Нұриддин Жарболов тарифтердің 10 пайызға дейін төмендейтінін нақтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары