05.12.2018, 09:49

Шымкентте балмұздақ ісіне қатысты сот шешімі шықты

100-ден астам тұрғынның улануына себеп болған балмұздақ ісіне нүкте қойылды. Бүгін Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық соты кәсіпкерге қатысты шешім шығарды деп жазады otyrar.kz.

Тиісті талаптарды сақтамаған бизнес өкілінің 1 жылға бас бостандығы шектелді. Онымен қоса судья оның 3 жылға дейін қоғамдық тамақтану бағытында кәсіпкерлікпен айналысуына шектеу қойды.

Сондай-ақ 50 мың теңгеден төмен моральдық шығын талап еткен зардап шегушілердің талабы да қанағаттандырылды.