Астанада жүргізуші автотұрақ ақысын төлемей, вокзал жүргізушісін қағып кетті деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС-нің қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері Әлия Жарқымбекова.
Ер адам вокзалдың автотұрағына көлігін желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында қойып кеткен.
«Жүргізуші 44 400 теңге төлеуі керектігін көрген. Бірақ ол осы соманы төлеуге міндеттеген күзетшіге қарсылық көрсетіп, көлігімен қашып шықпақ болған. Тіпті, вокзал қызметкерін қағып кеткен. Абырой болғанда ол қатты жарақат алмады», - дейді Жарқымбекова.
Ер адамның көлігі ақысын төлемегені үшін емес, қызметкерді қаққаны үшін айыппұл тұрағына жеткізіліпті.
Дереккөз: Elorda.info