Жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді деп хабарлайды Шу облысының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні Ленин ауылы Бішкек - Қордай тасжолында болған.
«Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды», – деді Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасындағылар.
Жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан азаматы болған. Ер адам жол апаты болған жерден қашпады. Бірден ұсталған. Сондай-ақ, ол тізгіндеген жүк көлігінің нөмірі де Қазақстанға тиесілі.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Дереккөз: «Вечерний Бишкек»