Жаңалықтар 06.12.2018 сағат 05:39  350

Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полициядағылардың мәліметінше, күзет фирмасының қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.«Барлығы – 5 күдікті. Олар Өзбекстан Респуликасының екі азаматынан ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. 18-24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі қаладағы күзет фирмаларының бірінде жасайтыны анықталды. ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Полиция департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар