Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полициядағылардың мәліметінше, күзет фирмасының қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.«Барлығы – 5 күдікті. Олар Өзбекстан Респуликасының екі азаматынан ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. 18-24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі қаладағы күзет фирмаларының бірінде жасайтыны анықталды. ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Полиция департаментіндегілер.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz