Жаңалықтар 06.12.2018 сағат 10:57  255

Алматы әуежайындағы жарылыс дыбысы жолаушылардың зәресін алды

Бүгін Алматы әуежайында жарылыс секілді естілген қатты дыбыс жолаушылардың зәресін ұшырды. Әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеуінше, оқиғадан зардап шеккендер мен ешқандай шығын жоқ деп жазады NUR.KZ.

Әуежайда атап өткендей, қызмет көрсетуші компания өкілдері газды өрт сөндіру жүйесін тесттік іске қосу кезінде жарылысқа ұқсас дыбыс шыққан. 

Бұл оқиға телекоммуникация жабдығы орналасқан бөлімшеде орын алыпты.

Қазір жолаушыларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Әуежай мен мердігер компанияның өкілдері оқиғаның не себепті болғанын анықтап жатыр.

Алматы әуежайындағы жарылыс дыбысы жолаушылардың зәресін алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар