Жаңалықтар 07.12.2018 сағат 03:11  406

Ақан Сатаев боксшы Серік Сәпиевтің өмірі туралы фильм түсіріп жатыр

Режиссер Ақан Сатаев олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірі туралы «Боксшы» атты фильмді түсіруді бастап кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Ақан Сатаев боксшы Серік Сәпиевтің өмірі туралы фильм түсіріп жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Достар, біз өте ауқымды, қызық жобаға кірісіп кеттік», – деп жазды режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ жазбасына жаңа фильмнің ұранын келтіре кетті: «Соңына дейін күрес. Қиындықтар уақытша. Ал жеңіс - мәңгілік».

Ақан Сатаев – заманымыздың ең табысты режиссерлерінің бірі. Ол сондай-ақ, актер, сценарист және продюсер ретінде де белгілі. Қарағанды қаласының тумасы. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген. «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала», «Хакер», «Ол» және «Томирис» секілді танымал фильмдерді түсірген.

Ал жақында Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы» киноэпопеясының «Астана» атты бесінші бөлімін аяқтап, оны Мемлекет басшысы тамашалаған болатын.    

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар