Қостанай облысында осыдан 2 апта бұрын ауруханадан тәпішкесімен шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кетті.
24 қараша күні жоғалған 43 жастағы тұрғынды полицейлер іздестіріп жатыр. Кешкі сағат 8-де ауруханадан шыққан оны одан кейін ешкім көрмеген.
Айрықша белгілері: ақшыл шашты, жасыл көзді, арықша келген.