$ 448.15  483.46  4.86

Теміртауда кранның кабинасы жерге құлап түсті

Теміртау металлургия комбинатында кран құлап кетті деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

 Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желіге тараған видеодан кейін жарияланды. Құлаған кран кабинасында болған әйел зардап шекпеген. 

«Қоймада көтергіш кранның кронштейні істен шығып, кабина үзілген. Тау техникалық бақылау мен комбинаттың техникалық қауіпсіздігі департаментінің сарапшылары шақырылды. Кабина демонтаждан өткізілді», - деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қазір металлургия зауытында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10 қарашада онда газ құбыры өртеніп, зауыт біршама шығынға ұшыраған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары